ПСЖ-дан үш футболшы кетуге дайын: олардың есімдері белгілі болды
Фабрицио Романоның мәліметінше, «Пари Сен-Жерменнің» үш футболшысы – Ли Кан Ин, Гонсалу Рамуш және Люка Шевалье – ойын уақытының жетіспеуінен клубтан кетуді жоспарлап отыр.

Алдағы жазғы трансферлік терезе француздық «Пари Сен-Жермен» грандына бірден бірнеше ірі қоштасулар әкелуі мүмкін, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.
Беделді инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, париждік клубтың бірден үш футболшысы команда ауыстыру мүмкіндігін белсенді түрде қарастырып жатыр. Олардың наразылығының негізгі себебі – бас бапкер Луис Энрикенің тактикалық жүйесінде ойын уақытының жетіспеушілігі.
Әңгіме оңтүстіккореялық жартылай қорғаушы Ли Кан Ин, португалиялық шабуылшы Гонсалу Рамуш және француз қақпашысы Люка Шевалье туралы болып отыр. Романоның айтуынша, үшеуі де командадағы қазіргі рөліне қанағаттанбайды және футбол алаңында өздерін көрсетуге көбірек мүмкіндік алғысы келеді.
Ли Кан Ин мен Гонсалу Рамуштың айналасындағы жағдай ерекше назар аудартады. Ойын уақытының шектеулі болғанына қарамастан, екі футболшы да команда үшін пайдалы болды. Өткен маусымда Ли Кан Ин 39 матчта төрт гол соғып, бес нәтижелі пас берсе, Рамуш 45 ойында 12 гол мен екі ассистті өз есебіне жазды.
Мадридтік «Атлетико» екі ойыншыға да нақты қызығушылық танытып, бірнеше ай бұрын олардың ықтимал трансфері туралы ақпарат сұратқаны хабарланды. Жақын арада талантты футболшылар үшін күреске басқа еуропалық клубтар да қосылуы мүмкін екені күтілуде.
Люка Шевальенің болашағына қатысты белгісіздік сақталуда. Жас француз қақпашысы негізгі құрамда маңыздырақ рөлге үміттенген, алайық нәтижесінде қақпашы орны үшін бәсекелестікте жеңіліп қалды. Енді Шевалье де Парижден тыс жерде мансабын жалғастыру нұсқаларын белсенді түрде қарастыруда.
материалдары бойынша Vesti.kz

«Бавария» жаңа нысанада: Гордонмен келісім болмаған соң, Сайбариге ауысты

«Барселона» мен Холанд: Гвардиоланың көмекшісі құпия жоспарды ашты

«Барселона» Сильваны алу жолын тапты: Фатиді сату трансферге жол ашады
