«Тобыл» француз қорғаушысы Райан Сенхаджимен келісімшарт жасасты
Қостанайлық «Тобыл» 29 жастағы француз қорғаушысы Райан Сенхаджимен келісімшартқа қол қойды. Тәжірибелі ойыншы ҚПЛ-да сәтсіз бастаған команданың жағдайын жақсартуға көмектеседі деп күтілуде.

Қостанайлық «Тобыл» футбол клубы алжирлік француз орталық қорғаушысы Райан Сенхаджимен келісімшартқа отырғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.
29 жастағы тәжірибелі футболшы Қазақстандағы мансабын жалғастырады. Тараптар арасындағы келісімнің егжей-тегжейі әзірге жарияланған жоқ, бірақ Сенхаджи үшін «Тобылға» ауысу жаңа және маңызды кезең болмақ.
Райан Сенхаджи өз мансабында бірнеше еуропалық чемпионаттарда, сондай-ақ Алжирде ойнап үлгерді. Ол кәсіби футболдағы жолын француздық «Сошо» жүйесінде бастап, кейін «Безьерс», болгариялық «Монтана», «Пирин» және «Левски», даниялық «Яммербугт», алжирлік «ЖС Кабилия», ресейлік «Факел» және әзірбайжандық «Сумгаит» сияқты клубтардың намысын қорғады.
«Тобыл» Сенхаджиді Қазақстан Премьер-лигасының (ҚПЛ) ағымдағы маусымындағы өте қиын бастамасы аясында сатып алып отыр. Ойналған 12 турдан кейін қостанайлық клуб небәбары тоғыз ұпай жинап, Қазақстан чемпионатының турнир кестесінде соңғы орында, яғни 15-ші орында тұр. Тәжірибелі қорғаушы команданың жағдайын жақсартуға көмектеседі деп күтілуде.
материалдары бойынша Vesti.kz

ҚПЛ-дағы жазғы трансферлік терезе: жаңа ойыншылардың қайсысы үмітті ақтамады?

Моуринью талап етеді: "Реал" "Челсидің" жұлдызды қорғаушысы Кукурельяға көз тікті

«Арсенал» «Борнмут» жұлдызына көз тікті: Романо трансфер егжей-тегжейін ашты
