Мак Аллистер — «Реал» мен «Атлетиконың» басты нысаны: Симеоне хавбекке «құмар»
«Ливерпуль» жартылай қорғаушысы Алексис Мак Аллистер мадридтік «Реал» мен «Атлетико» клубтарының басты трансферлік нысанына айналды, деп хабарлайды Ole.

Англиялық «Ливерпуль» клубының жартылай қорғаушысы Алексис Мак Аллистер мадридтік «Реал» және «Атлетико» командаларының басты трансферлік нысандарының біріне айналды, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.
Ole басылымының мәліметінше, аргентиналық футболшы Флорентино Перес президенттік сайлауда жеңіске жеткен жағдайда «Реалдың» құрамын күшейтудегі негізгі нұсқалардың бірі болады.
Сонымен қатар, Мак Аллистерге «Атлетико» да қызығушылық танытуда. Бас бапкер Диего Симеоне отандасын командасына қосу идеясына «құмар» екені айтылады.
Осы маусымда Мак Аллистер Премьер-Лигада 37 ойын өткізіп, екі гол соқты.
материалдары бойынша Sports.ru

Курашев продолжит карьеру в «Лозанне»: у форварда 150 очков в НХЛ

Моуринью: «Доволен игроками «Реала», трансферы не нужны»

Агент Дзюбы: «Он не Месси» — о ситуации с 38-летним форвардом
