«Ливерпуль» Ираолаға 10 млн фунт ұсынады: Слоттың жалақысымен тең
«Ливерпуль» «Борнмуттың» бұрынғы бапкері Андони Ираоламен келіссөздерді бастауға дайын. Оған жылдық 10 миллион фунт стерлинг жалақы ұсынылмақ, бұл Арне Слоттың жалақысына тең.

«Ливерпуль» «Борнмуттың» бұрынғы бас бапкері Андони Ираоламен осы аптада келіссөздерді бастауды жоспарлап отыр, оған қомақты жылдық жалақы ұсынылмақ, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.
ESPN мәліметінше, 43 жастағы испаниялық маман «вишняларды» алғаш рет еурокубоктарға шығарған табысты маусымнан кейін Ираола жылдық жалақысын 10 миллион фунт стерлингке дейін арттыруды сұраған. Алайда, «Борнмут» бұл қаржылық шарттарды қанағаттандыра алмағандықтан, тараптар келісімшартты ұзартпауға шешім қабылдаған.
Енді «Ливерпуль» Андони Ираолаға дәл осындай соманы төлеуге дайын екенін білдірді. Айта кету керек, «қызылдардың» бұрынғы бапкері Арне Слот та осындай жалақы алған.
материалдары бойынша Sports.ru

Кливленд и Джеймс Харден согласовали контракт на три года и $ 97 млн с опцией игрока

Савиньо перейдёт из «Манчестер Сити» в «Тоттенхэм» за € 99 млн — Романо

Кертис Джонс проходит медосмотр в «Интере»: контракт до 2031 года
