«Барселона» тәрбиеленушісін трансферге шығарды: Бальде үшін 55 миллион еуро
«Барселона» өз тәрбиеленушісі Алехандро Бальдені трансферге шығаруға шешім қабылдады, оның құны 55 миллион еуроға бағаланады. Рональд Араухо клубта қалады.

Каталондық «Барселона» қорғаушылары Рональд Араухо мен Алехандро Бальденің болашағын анықтап, соңғысын трансферге қоюға шешім қабылдады, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.
Sport.es ақпараты бойынша, «көк-гранаттылар» басшылығы Бальдені жазғы трансферлік терезеде сатуға шығаруды ұйғарған. «Барселона» бұл позицияны жаңа ойыншымен күшейтуді көздеп отыр. Клуб оған қатысты ұсыныстарды тыңдауға дайын екенін мәлімдеді.
Араухоға келетін болсақ, каталондық гранд уругвайлық футболшыны келесі маусымда командада қалдырғысы келеді. «Барселона» басшылары оны сатуға тыйым салған. Клуб Араухоны жоғары бағалайды және оған болашақта үлкен үміт артады. Сондай-ақ, Араухоға команданың киім ауыстыратын бөлмесінде маңызды рөл берілген.
22 жастағы Бальде «Барселона» академиясының тәрбиеленушісі. Өткен маусымда ол 42 матч өткізіп, 3 нәтижелі пас берген. Transfermarkt порталы футболшының құнын 55 миллион еуроға бағалайды.
Бальде 2021 жылдан бері «Барселонаның» негізгі құрамында өнер көрсетеді. Каталондықтар сапында ол жеті трофей жеңіп алған, соның ішінде Испания чемпионатын үш рет ұтқан.
материалдары бойынша Vesti.kz



