«Барселона» Гордонға көз тікті: «Ньюкасл» 80 млн еуро сұрады
«Барселона» «Ньюкасл» вингері Энтони Гордон үшін күреске қосылды. Каталондық клуб шабуылды күшейтуді көздеп отыр, бірақ «сауысқандар» ойыншы үшін 80 миллион еуродан астам қаражат сұрады.

«Барселона» Англия Премьер-Лигасының ең жарқын вингерлерінің бірі үшін күреске араласуға шешім қабылдады. Каталондықтардың назарына «Ньюкасл» ойыншысы Энтони Гордон ілікті, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.
23 жастағы ағылшын футболшысы осы маусымда «сауысқандар» сапында тамаша өнер көрсетіп келеді: оның жылдамдығы, дриблингі және голдары барлығын таңғалдырады. Айтуынша, «Барселона» оны Рафинья немесе Ферран Торресқа лайықты алмастырушы ретінде қарастыруда.
Алайда, «Ньюкасл» өз ойыншыларын оңайлықпен жібермейді. Гордон үшін олар кем дегенде 80 миллион еуро сұрап отыр. «Барселонаның» қаржылық фэйр-плей ережелері жағдайында мұндай соманы төлей алатыны үлкен сұрақ тудырады.
материалдары бойынша Sports.kz

Курашев продолжит карьеру в «Лозанне»: у форварда 150 очков в НХЛ

Моуринью: «Доволен игроками «Реала», трансферы не нужны»

Агент Дзюбы: «Он не Месси» — о ситуации с 38-летним форвардом
