Суперкомпьютер Өзбекстанның ЧМ-2026-дағы мүмкіндіктерін бағалады: Opta болжамы
Opta суперкомпьютері Өзбекстан құрамасының ЧМ-2026 турниріндегі өнерін болжап, жеңіске жету, финалға шығу және топтық кезеңнен өту мүмкіндіктерін бағалады.

Opta суперкомпьютері Өзбеқстан құрамасының 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатындағы өнеріне қатысты болжамын ұсынды, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.
Болжам бойынша, Өзбекстанның әлем чемпионатында жеңіске жету ықтималдығы небәрі 0,08 пайызды құрайды. Дебютант команданың финалға дейін жету мүмкіндігі 0,32 пайызға, ал жартылай финалға шығу мүмкіндігі 1,16 пайызға бағаланған. Ширек финалға өту ықтималдығы 3,87 пайызды құрайды.
Суперкомпьютер Өзбекстанның топтан шығу мүмкіндігін 12,76 пайыз деп есептесе, топта бірінші орын алу мүмкіндігі 5,73 пайызға тең.
Бұл Өзбекстан тарихындағы алғашқы әлем чемпионаты болмақ. Фабио Каннаваро жаттықтыратын команда топтық кезеңде Колумбиямен (18 маусым), Португалиямен (23 маусым) және Конго Демократиялық Республикасымен (28 маусым) кездеседі.
2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді.
материалдары бойынша Vesti.kz

Конференция Лигасының финалы: "Кристал Пэлас" – "Райо Вальекано" және батыл болжам

Дмитрий Бивол — Михаэль Айферт: Екатеринбургтегі жекпе-жек қалай өтеді?

Бокс: Энди Руис Усик пен Верхувен жекпе-жегінде украиналықтың жеңісін болжады
