Олимпиада

Ақтаудағы теннис турнирі: паралимпиадашылар мен топ-100 ойыншылары қорытынды шығарды

Ақтауда 10 елден 60-тан астам спортшы, оның ішінде паралимпиадашылар мен әлемдік рейтингтің топ-100 ойыншылары қатысқан халықаралық теннис турнирі аяқталды.

Марат Жадайхан 2 мин оқу 030 күн
Ақтаудағы теннис турнирі: паралимпиадашылар мен топ-100 ойыншылары қорытынды шығарды

Ақтауда халықаралық теннис турнирі сәтті аяқталды. Бұл жарыс әлемдік тур аясындағы алғашқы турнир болып, Қазақстанда өткен көктемгі кәсіби жарыстар сериясын қорытындылады, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.

Турнир корттарына Азия мен Еуропаның он елінен 60-тан астам спортшы шықты. Қатысушылар арасында Қазақстан құрамасының көшбасшыларымен қатар, Малайзия, Франция, Оңтүстік Корея, Жапония және басқа да мемлекеттердің жетекші теннисшілері болды. Әлемдік рейтингтің алғашқы жүздігіндегі ойыншылардың, сондай-ақ Паралимпиада ойындарына қатысқан спортшылардың қатысуы турнирдің жоғары мәртебесін растады.

Бұл беделді іс-шараны ұйымдастыру Zijin RG Gold компаниясының қолдауы арқасында мүмкін болды. Қазақстан теннис федерациясының бұрыннан келе жатқан және сенімді серіктесі енді адаптивті спорт бағытын да белсенді дамытып, өзінің әлеуметтік жауапкершілігін көрсетуде.

Турнир аясында бірнеше санатта, соның ішінде ерлер мен әйелдер арасындағы негізгі жарыстарда (Main Draw), сондай-ақ жоғарғы және төменгі аяқ-қолдары зақымдалған спортшыларға арналған «Квад» санатында жүлделер сарапқа салынды. Ерлер, әйелдер және «Квад» санаты үшін жеке жұбату турнирлері (Consolation) де өткізілді.

"Zijin RG Gold компаниясы үшін мұндай турнирді қолдау – бұл адаптивті спортты насихаттауға және спортшылардың өзін-өзі танытуына тең мүмкіндіктер жасауға саналы үлес. Бұл инклюзивті экожүйені дамыту компанияның әлеуметтік саясаты аясында маңызды басымдыққа айналуда", – деп атап өтті Zijin RG Gold компаниясының бас директоры Ли Каивен.

Ұйымдастырушылар бұл турнирді келесі жылы ITF Wheelchair 50 халықаралық сериясына қосып, жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр. Әр санаттағы жеңімпаздар 50 рейтингтік ұпай алды, бұл оларға әлемдік рейтингтегі позицияларын айтарлықтай жақсартуға және Азия Параойындары мен Паралимпиада ойындарын қоса алғанда, ірі халықаралық жарыстарға қатысуға үміткер болуға мүмкіндік береді.

материалдары бойынша Zakon.kz

Жарнама / РекламаAD
Article Inline
970×250 · Brand creative spot
Related

Қатысты жаңалықтар

Жарнама / РекламаAD
Footer Banner
970×90 · Brand creative spot
ЖИ көмекшіңіз
Сәлем! Қазақстан спорты туралы не білгіңіз келеді?