Овечкин НХЛ рекорды туралы: «Еліміз үшін маңызды сәт болды»
«Вашингтон» капитаны Александр Овечкин НХЛ-дағы гол рекорды туралы әсерімен бөлісіп, оны Ресей мен отбасы үшін маңызды оқиға деп атады.

«Вашингтон Кэпиталз» командасының капитаны Александр Овечкин FONtour шоуында өзінің жетістігі, яғни Ұлттық хоккей лигасында тұрақты чемпионаттарда ең көп гол соққан рекордсмен атанғаны туралы айтты, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.
2025 жылдың сәуір айында ресейлік шабуылшы аты аңызға айналған Уэйн Гретцкидің (894 шайба) рекордын жаңартты. Қазіргі таңда Овечкиннің тұрақты маусымдарда соққан голдарының саны 929-ға жетті.
Плей-оффта соққан голдарын ескеретін болсақ, Овечкиннің НХЛ-дағы жалпы шайба саны 1006-ға жетті. Бұл көрсеткіш бойынша ол лига тарихында екінші орында тұр, тек Гретцкиден (1016 гол) ғана қалыс.
– Бүкіл ел сен үшін алаңдады, бәрі күтті. Бұл өте әсерлі болды, тіпті керемет, – делінген эфирде.
– Бұл тек әсерлі ғана емес, еліміз үшін маңызды сәт болды. Ресейде, Мәскеуде, «Динамо» мектебінде өскен орыс адамы. Мен бәрін біртіндеп, біртіндеп, біртіндеп жасадым. НХЛ-да бірінші ойыншы болу... Бұл мен үшін, әкем үшін, жаны жәннатта болсын, ағам үшін, анам үшін, жұбайым үшін, Настяның әкесі үшін, балаларым үшін... Менің балаларым қазір не болғанын түсінбейді. Бірақ уақыт өте келе олар әкелерінің не істегенін түсінетін болады, олар әкелерінің не істегенін толықтай түсінеді, – деді Овечкин.
материалдары бойынша Sports.ru

Роднина Плющенко ұлының ауысуы туралы: "Тек спортшылар ғана азаматтығын өзгертпейді"

Неймардың тікұшағы: Бразилия құрамасының базасына жетті

Рыбакина: Тренер кетті, бірақ мен жеңіске жеттім
