Илья Малинин ресейліктер туралы: "Саясат спортқа араласқанды ұнатпаймын"
Американдық мәнерлеп сырғанаушы Илья Малинин ресейлік спортшылардың халықаралық жарыстарға қатысуына тыйым салу туралы өз пікірін білдіріп, спортта саясаттың болмауын қалайтынын атап өтті.

Америкалық мәнерлеп сырғанаушы Илья Малинин ресейлік спортшылардың халықаралық жарыстарға қатысуына рұқсат етілмеуіне қатысты өз пікірін білдіріп, олардың өнер көрсеткенін қалайтынын атап өтті, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.
Жақында Прагада өткен әлем чемпионатында карьерасындағы үшінші алтын медалін жеңіп алған Малинин The Figure Skating Life Magazine басылымына берген сұхбатында өз ойларымен бөлісті.
«Шынымды айтсам, қазіргі жағдайды толық түсінбеймін, бірақ мәнерлеп сырғанауды жақсы көргендіктен, ресейлік мәнерлеп сырғанаушылардың өнер көрсеткенін қалаймын. Саясат спортқа араласқанды онша ұнатпаймын», – деді Малинин.
Америкалық спортшының бұл мәлімдемесі әлемдік спорт қауымдастығының көптеген өкілдерінің спортты саяси шешімдерден бөлуді қолдайтын ұстанымын көрсетеді.
материалдары бойынша Sports.ru

Эльмира Тұрғанова: бапкер Сәмеделкінаға байланысты жұмыстан шығарылу себебін айтты

Шайдоров емес, барлық құрамада: жалақы кешігуінің себебін депутат ашты

Азия алтыны және мойындау: Айбек Оралбай — сәуірдің үздік спортшысы
