Асаубаева Норвегиядағы жеңісін түсіндірді: қарсыласы қателік жіберді
Қазақстандық шахматшы Бибисара Асаубаева Norway Chess Woman-2026 турнирінің алтыншы турындағы жеңісін қарсыласының қателігімен байланыстырды.

Қазақстандық шахматшы Бибисара Асаубаева Ослода өткен беделді Norway Chess Woman-2026 турнирінің алтыншы турында қарсыласының қателігін пайдаланып, сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.
Ойыннан кейін спортшы жеңісінің себебін бірден түсіндірді. Оның айтуынша, қарсыласы өрескел қателік жіберген, мұны Асаубаева шеберлікпен пайдаланып кеткен.
Қарсыласым фигураны «зевнула» (қателікпен қалдырды), мен тек артықшылықты жүзеге асырдым,
— деп түсіндірді Асаубаева өз жеңісін.
Бибисара алдағы жоспарларымен де бөлісті. Оның алдында әлі бірнеше тур бар және ол турнирде жеңіс үшін күресуге ниетті. Қазақстандық шахматшы қазір тамаша спорттық бабында және жаңа сынақтарға дайын.
материалдары бойынша Sports.kz

Черкас: Бардаков — силовой форвард, таких в США и Канаде много

Медведева: Саша — мегаспортсменка, невозможно не восхищаться

Щитов: Малкин — интересный игрок, выглядит подтянутым
