Жас қазақстандық теннисші Roland Garros турнирінде әлемнің үшінші ракеткасына есе жіберді
18 жастағы қазақстандық теннисші Дамир Жалғасбай жасөспірімдер арасындағы Roland Garros турнирінің бірінші айналымында француз Янник Теодор Александрескуге екі сетте ұтылды.

18 жастағы қазақстандық теннисші Дамир Жалғасбай жасөспірімдер арасындағы Roland Garros турнирінің бірінші айналымында әлемнің үшінші ракеткасы, француз Янник Теодор Александрескуден жеңіліп, жарысты аяқтады, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.
ITF жасөспірімдер рейтингінде 28-орында тұрған Жалғасбай үшін бұл кездесу үлкен сынақ болды. Оған қарсылас ретінде әлемнің үздік үш теннисшісінің бірі саналатын Александреску шықты.
Тартысты өткен матч 1 сағат 9 минутқа созылды. Нәтижесінде Александреску қазақстандық спортшыны 6:2, 6:3 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті.
Енді француз теннисші екінші айналымда өзбекстандық Никита Белозерцевпен (№22) немесе Гонконгтан келген Кай Томпсонмен (№29) кездеседі.
материалдары бойынша Vesti.kz

Жалғасбай жасөспірімдер арасындағы «Ролан Гарростан» шығып қалды: сәтсіз старт

Ролан Гаррос: Швентек турнирден тосыннан шығып қалды

Ролан Гаррос: Андреева Тайкманнмен ширек финалға шығу үшін таласады
