Теннис: Әлемнің 114-ші ракеткасы Хвалинска «Ролан Гаррос» жартылай финалына шықты
Әлемдік рейтингте 114-ші орында тұрған польшалық теннисші Майя Хвалинска карьерасында алғаш рет Франция ашық чемпионатының жартылай финалына өтті.

Әлемнің 114-ші ракеткасы, польшалық теннисші Майя Хвалинска Франция ашық чемпионаты «Ролан Гарроста» нағыз серпіліс жасап, карьерасында алғаш рет Үлкен дулыға турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.
Ширек финалдық кездесуде Хвалинска әлемнің 24-ші ракеткасы Анна Калинскаяны 7:6(3), 6:3 есебімен сенімді түрде жеңді.
Бірінші сетте польшалық спортшы 5:1 есебімен алда тұрса да, қарсыласына есепті теңестіруге мүмкіндік берді, бірақ тай-брейкте жеңіске жетті. Екінші сетте Хвалинска басымдық танытып, өз артықшылығын нығайтты.
Бұл жетістік Хвалинска үшін тарихи маңызға ие, өйткені бұған дейін ол Үлкен дулыға турнирлерінде екінші айналымнан әрі өтпеген, ал Парижде тіпті негізгі торда бірде-бір матчта жеңіске жетпеген болатын.
Майя Хвалинска «Ролан Гарростағы» жолын іріктеу кезеңінен бастап, сегіз матчта тек бір ғана сетті ұтылып, тамаша формада екенін көрсетті. Турнир қорытындысы бойынша ол әлемдік рейтингтің топ-30 қатарына кіретініне кепілдік берді.
Финалға шығу үшін польшалық спортшы Арина Соболенко – Диана Шнайдер жұбының жеңімпазымен кездеседі.
материалдары бойынша Sports.ru



