Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы: Түркістанда 58 спортшы өнер көрсетеді
Түркістанда өтетін есу спортынан Азия чемпионатына Қазақстан құрамасының толық құрамы жарияланды. 58 отандық спортшы медальдар үшін бақ сынайды.

Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Түркістанда өтетін Азия чемпионатына қатысатын Қазақстанның есу спорты құрамасының соңғы құрамын жариялады, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.
Азия чемпионаты Қазақстанда алғаш рет өтіп жатыр. Оған 17 елден 350-ден астам есу шеберлері қатысады. Еліміздің намысын 58 спортшы қорғайды.
Құраманың байдаркада есушілер тізімінде Дінмұхамед Шынқожаев, Дмитрий Холмогоров, Егор Краснонос, Денис Кленин, Михаил Затолокка, Дмитрий Ладюков, Эдуард Ярлыков, Глеб Ударцев, Анатолий Русаков, Евгений Русаков және Стелла Суханова бар.
Каноэде есушілер арасында Сұлтан Шарапиев, Полат Төребеков, Владислав Руденко, Юрий Горобов, Татьяна Гладкова, Валентина Трапезникова, Елизавета Масякина, Мария Бровкова, Мария Карманова, Ұлжан Киселева, Руфина Искакова өнер көрсетеді.
Жас санаттар бойынша байдаркада Нұртілек Иман, Тимофей Таранов, Давид Бушланов, Никон Дергунов, Мадияр Қаникен, Алексей Ширман, Даниил Коляда, Эвелина Костенко, Злата Прядка, Зоя Прядка, Алина Емельяненко, Анастасия Прибыткова, Кира Кальтенбергер сынды спортшылар бар.
Каноэде Аслан Садуақас, София Гизенка, Ұлжан Иванова, Ксения Сломинская, Милана Абдубаева, Дәулет Шалдар, Артур Миллер, Савелий Лыжин, Әділбек Исроилов, Богдан Носиков, Руслан Федотов қатысады.
Параканоэ және басқа да санаттар бойынша Бейбарыс Спатай, Жалғас Тайкенов, Жаңыл Балтабаева, Максим Богатырев, Марсель Құлбарақов, Марсель Гумаров, Мейіржан Армия, Дінмұхамет Әлиакпаров, Ербол Хамитов, Маржан Билялова, Ербол Байырбеков, Руфик Тынчаров құрамға енді.
Биыл наурыз айында Италияда өткен XIV қысқы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Ербол Хамитов арнайы классификациядан өтіп, лицензиялық чемпионатқа қатысуға мүмкіндік алады. Отандасымыз жарыс қарсаңында енді жазғы Олимпиада ойындарында да жүлде үшін күресуге ниетті екенін атап өтті.
Жарыс барысында U18 жас санатында 22 дисциплина, U23 жас санатында 25 дисциплина, ал параканоэде 20 бағдарлама бойынша медальдар сарапқа салынады.
«Бүгінгі таңда барлық ұйымдастыру жұмыстары аяқталды. Кеше Азия каноэ қауымдастығы (ACC) өкілдерінің инспекциясы сәтті өтіп, олар бірқатар ұсыныстар берді. Қазір қатысушы командалардың барлығы дерлік Түркістанға келіп, жаттығулар өткізуде. Еліміздің намысын 58 спортшы қорғайды. Олардың арасында Стелла Суханова мен Мария Бровкова сияқты ересектер деңгейінде өнер көрсетіп жүрген тәжірибелі есушілер де бар», — деді ҚР есу спорт түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушы Дәулет Сұлтанбеков.
Чемпионаттың ашылу салтанаты 3 маусым күні сағат 20:00-де өтеді. Құрметті қонақтар арасында Азия каноэ қауымдастығының (ACC) президенті Прашант Кушваха, сондай-ақ облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың спорт басқармаларының басшылары болады деп күтілуде.
материалдары бойынша Inform.kz

«Локомотив» Гагарин кубогын ала алмай ма? Қазақстандық тәжірибесі бар сарапшы жарославтықтарды сынға алды

Германия хоккейден 2027 жылғы ӘЧ-ны ерекше бастауға дайындалуда: футбол аренасындағы рекорд

20 жастағы Меньшик «Үлкен дулығаның» жартылай финалына алғаш рет шықты
