Ролан Гаррос: Швентек турнирден тосыннан шығып қалды
Әлемнің үшінші ракеткасы Ига Швентек Ролан Гаррос турнирінің 1/8 финалында Марта Костюкке сенсациялық түрде ұтылды. Польшалық теннисші жарысты аяқтады.

Польшалық теннисші Ига Швентек (WTA №3) Францияның ашық чемпионаты "Ролан Гаррос" турнирінің 1/8 финалында украиналық Марта Костюкке (WTA №15) күтпеген жерден есе жіберді, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.
Бір сағат 40 минутқа созылған тартысты кездесуде Швентек қарсыласына екі сетте 7:5, 6:1 есебімен жол берді.
Енді Марта Костюк украиналық Элина Свитолина мен швейцариялық теннисші Белинда Бенчич жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Бұл жеңіліс нағыз тосынсый болды, өйткені Ига Швентек "Ролан Гаррос" турнирінің төрт дүркін жеңімпазы (2020, 2022, 2023, 2024) және бұрын WTA рейтингінде жекелей сында көш бастаған болатын.
Айта кетейік, бұған дейін Францияның ашық чемпионатында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA №2) да өнер көрсетуін тоқтатқан еді. Ол 1/32 финалда украиналық Юлия Стародубцеваға (№55) ұтылған болатын.
"Ролан Гаррос" турнирі Парижде 24 мамыр мен 7 маусым аралығында өтіп жатыр, оның жалпы жүлде қоры 29,14 миллион долларды құрайды.
материалдары бойынша Vesti.kz

Жалғасбай жасөспірімдер арасындағы «Ролан Гарростан» шығып қалды: сәтсіз старт

Ролан Гаррос: Андреева Тайкманнмен ширек финалға шығу үшін таласады

Костюк Швентекті сенсациялық түрде жеңіп, «Ролан Гаррос» ширек финалына шықты
