Новости
Қазақстан құрамасы: Мұжықов жарақат алды, Садыбеков шақырылды
Жарақат алған жартылай қорғаушы Серікжан Мұжықов Қазақстан құрамасының маусым айындағы жолдастық кездесулеріне қатыса алмайды. Оның орнына Әділет Садыбеков шақырылды.

Қазақстан ұлттық футбол құрамасының маусым айындағы жолдастық кездесулері алдында құрамда өзгерістер болды, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.
Ұлттық құраманың ардагер ойыншысы, жартылай қорғаушы Серікжан Мұжықов жарақатқа байланысты алдағы ойындарға қатыса алмайды. Ол құраманың орналасқан жеріне жарақатпен келген.
«Жартылай қорғаушы Серікжан Мұжықов ұлттық құраманың орналасқан жеріне жарақатпен келді. Команда штабы жүргізген медициналық тексеруден кейін оның алдағы матчтарға қатыса алмайтыны белгілі болды. Осыған байланысты ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабы оның орнына Әділет Садыбековті шақыру туралы шешім қабылдады. Серікжанға тезірек сауығып, алаңға аман-есен оралуын тілейміз!» – деп жазды Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, 9 маусым күні ұлттық құрама Дебрецен қаласында Венгриямен жолдастық кездесу өткізеді.
материалдары бойынша Vesti.kz
Жарнама / РекламаAD
Article Inline
970×250 · Brand creative spot

Григоренко: Гордон в «Тракторе» — опытный, знает хоккей от а до я
16 мин

Тренер «Будё-Глимт»: у «Неймегена» тоже много сильных качеств, но мы прошли дальше
35 мин

«Миннесота» уверена в продлении контракта с Куинном Хьюзом до старта сезона
2 сағ

Литвинов — в топ-10 игроков «Спартака» по матчам в XXI веке
2 сағ