Новости

Ролан Гаррос-2026: Ресейдің бірінші ракеткасы Медведев бірінші айналымда ұтылды

Әлемнің сегізінші ракеткасы Даниил Медведев Ролан Гаррос-2026 турнирінің бірінші айналымында Адам Уолтонға сенсациялық түрде жеңіліп, жарысты аяқтады.

Марат Жадайхан 1 мин оқу 01 сағ
Ролан Гаррос-2026: Ресейдің бірінші ракеткасы Медведев бірінші айналымда ұтылды

Ресейдің бірінші ракеткасы Даниил Медведев (ATP №8) Францияның Ашық чемпионаты-2026 турнирінде бірінші айналымда сенсациялық түрде жеңіліп, жарысты аяқтады, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.

US Open-2021 чемпионы ATP рейтингінде 97-ші орында тұрған австралиялық теннисші Адам Уолтонға күтпеген жерден есе жіберді. Бұл кездесу ұзаққа созылып, 3 сағат 23 минутқа жалғасты.

Бес сеттік тартыста Уолтон 2:6, 6:1, 1:6, 6:1, 4:6 есебімен жеңіске жетіп, турнир фаворитін жарыстан шығарды.

Осылайша, Уолтон Ролан Гаррос-2026 турнирінің екінші айналымына өтті, онда ол америкалық Закари Свайдамен (ATP №85) кездеседі.

Ролан Гаррос-2026 турнирінің жалпы жүлде қоры 72,8 миллион долларды (шамамен 34,05 миллиард теңге) құрайды. Ерлер арасындағы жекелей сында турнир жеңімпазы 3,3 миллион доллар, ал финалист 1,65 миллион доллар жүлде алады.

A ROLLERCOASTER ride of a match 🎢Walton comes up triumphant in 5 to oust the 6th seed…#RolandGarrospic.twitter.com/lgRvGstrha— ATP Tour (@atptour)May 26, 2026

материалдары бойынша Vesti.kz

Жарнама / РекламаAD
Article Inline
970×250 · Brand creative spot
Related

Қатысты жаңалықтар

Жарнама / РекламаAD
Footer Banner
970×90 · Brand creative spot
ЖИ көмекшіңіз
Сәлем! Қазақстан спорты туралы не білгіңіз келеді?