Новости

«Реал» президент сайлауының күнін жариялады: Перес Рикельмеге қарсы

Мадридтік «Реал» президент сайлауын 7 маусымға белгіледі. Қазіргі басшы Флорентино Перес Энрике Рикельменің қарсылығына тап болады.

Марат Жадайхан 1 мин оқу 01 сағ
«Реал» президент сайлауының күнін жариялады: Перес Рикельмеге қарсы

Мадридтік «Реал» өз ресми сайтында клуб президенті сайлауының өтетін күнін жариялады, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.

Дауыс беру биыл 7 маусымда өтеді. Ол жергілікті уақыт бойынша сағат 9:00-де басталып, 20:00-де аяқталады. Сайлау «корольдік клубтың» баскетбол павильонында өтпек.

Сайлауға екі кандидат қатысады: клубтың қазіргі президенті Флорентино Перес және испандық кәсіпкер Энрике Рикельме.

2006 жылдан бері алғаш рет басшылық қызметке кем дегенде екі адам таласады. 79 жастағы Перес «Реал» президенті қызметін 2009 жылдан бері атқарып келеді. Оған дейін ол клубты 2000-2006 жылдары басқарған.

Перестің басшылығымен клуб жеті рет Испания чемпионатын, үш рет Кубокты және жеті рет ел Суперкубогын жеңіп алды. Сондай-ақ, жеті рет Чемпиондар Лигасының, алты рет УЕФА Суперкубогының, бес рет клубтар арасындағы әлем чемпионатының және екі рет Құрлықаралық кубоктың жеңімпазы атанды.

материалдары бойынша Vesti.kz

Жарнама / РекламаAD
Article Inline
970×250 · Brand creative spot
Related

Қатысты жаңалықтар

Жарнама / РекламаAD
Footer Banner
970×90 · Brand creative spot
ЖИ көмекшіңіз
Сәлем! Қазақстан спорты туралы не білгіңіз келеді?