Паспорт ұрланды: Сауд Арабиясы құрамасының қорғаушысы ӘЧ-2026 алдында командаға қосыла алмайды
Сауд Арабиясы құрамасының қорғаушысы Сауд Абдулхамид Амстердамда паспорты ұрланғандықтан, ӘЧ-2026 алдындағы оқу-жаттығу жиынына қатыса алмады.

Сауд Арабиясы құрамасының қорғаушысы Сауд Абдулхамид күтпеген қиындыққа тап болды: оның паспорты ұрланып, 2026 жылғы әлем чемпионаты алдындағы команда жиынына қатысуына кедергі келтірді, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.
Оқиға Амстердамда, футболшы отбасымен неке қию рәсімінде болған кезде орын алды. Абдулхамидтің жеке көлігі бұзылып, ұрланған заттардың арасында оның паспорты мен басқа да жеке құжаттары болған.
«Сауд Арабиясы футбол федерациясы Сауд Абдулхамидтің 2026 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне дайындық аясында ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынына кешігіп келуіне қатысты ресми ақпарат бергісі келеді. Ойыншы бүгін жоспарланғандай Эр-Риядқа ұшып келе алмады, себебі ол отбасымен неке қию рәсімінде болған Амстердамда оның жеке көлігі бұзылған. Оқиға салдарынан оның паспортымен бірге жеке заттары жоғалған»,- делінген федерацияның X әлеуметтік желісіндегі мәлімдемесінде.
Қазіргі уақытта Сауд Арабиясы футбол федерациясы тергеу барысын бақылау үшін Спорт министрлігімен белсенді түрде жұмыс істеуде. Сонымен қатар, Абдулхамидтің командаға қосылуына мүмкіндік беретін қажетті құжаттарды жедел беру үшін Нидерландыдағы Сауд Арабиясы Корольдігінің Елшілігімен жұмыс жүргізілуде.
Федерация осы жағдайда Сауд Абдулхамидке толық қолдау көрсететінін білдіріп, оның ұлттық құрама лагеріне аман-есен келуін күтеді. Айта кетейік, Сауд Арабиясы құрамасы ӘЧ-2026 іріктеу турнирі аясында Испания, Кабо-Верде және Уругвай командаларымен бір топта ойнайды.
материалдары бойынша Championat.com

Мексика Иран құрамасын 2026 жылғы ӘЧ-да қабылдайды: АҚШ орналастырудан бас тартты

«Вольфсбург» сенсациялық түрде төмендеді: Бундеслигадағы 29 маусым аяқталды

НБА: «Нью-Йорк Никс» «Кливлендті» жеңіп, плей-офф финалына шықты
