Нью-Йорк Никс НБА финалында: 26 жылдан кейінгі тарихи оралу
«Нью-Йорк Никс» 2025/2026 маусымының НБА финалына шықты, «Кливленд Кавальерсті» 4-0 есебімен жеңді. Бұл команданың 1999 жылдан бергі алғашқы финалы.

«Нью-Йорк Никс» 2025/2026 жылғы НБА плей-офф жартылай финалында «Кливленд Кавальерсті» 4-0 есебімен тас-талқан етіп, 1999 жылдан бері алғаш рет лига финалына шықты, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.
Бұл жеңіс «Никстің» плей-оффтағы жеңіс сериясын 11 матчқа жеткізді. Команда қарсыласына бірде-бір мүмкіндік бермей, серияны құрғақ есеппен жапты.
«Нью-Йорк» үшін бұл НБА финалына 26 жылдан кейінгі алғашқы жолдама. Соңғы рет 1999 жылы олар финалда «Сан-Антонио Спёрске» 1-4 есебімен жеңілген болатын.
Ерекше атап өтерлігі, 27 жыл бұрынғы финал қайталануы мүмкін. Себебі, биылғы маусымның шешуші сериясында «Нью-Йорк» «Сан-Антонио Спёрс» пен «Оклахома-Сити Тандер» жұбының жеңімпазымен кездеседі. Қазіргі таңда бұл сериядағы есеп 2-2.
НБА-ның қазіргі чемпионы – «Оклахома-Сити Тандер». Олар өткен жылғы финалда «Индиана Пэйсерсті» жеңген еді.
материалдары бойынша Championat.com

«Тенниси» приостанавливает прием ставок с 1 сентября: «Мы никуда не уходим»

Фоньини: тренер Музетти считает, что Федерер обыграл бы 80 игроков топ-100

Биатлон-2026/27: летний ЧР в Чебоксарах, Кубки России и Содружества стартуют в Хантах
