Страсбург WTA-500: финалға шыққан теннисшілер анықталды
Страсбургтегі WTA-500 турнирінің жартылай финалында екі ойын өтті. Ойын нәтижесінде финалға шыққан екі теннисшінің есімі белгілі болды.

Бүгін, 22 мамырда, Францияның Страсбург қаласында WTA-500 санатындағы топырақ жабындылы турнирі жалғасты. Ойын күні аясында екі жартылай финалдық матч өтті, олардың нәтижелері бойынша екі финалистің де есімдері белгілі болды, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.
Әлемнің 39-шы ракеткасы америкалық теннисші Эмма Наварро әлемдік рейтингте 30-шы орын алатын өзінің отандасы Энн Лиді 6:1, 6:3 есебімен жеңді.
Екінші жартылай финалда әлемнің тоғызыншы ракеткасы канадалық Виктория Мбоко әлемдік рейтингте 33-ші орынды иеленетін румыниялық теннисші Жаклин Кристианнан мықтырақ болып шықты (7:6 (7:3), 3:6, 6:2).
Осылайша, Страсбургтегі турнирдің финалында Виктория Мбоко мен Эмма Наварро бақ сынайды.
материалдары бойынша Championat.com

«Тенниси» приостанавливает прием ставок с 1 сентября: «Мы никуда не уходим»

Фоньини: тренер Музетти считает, что Федерер обыграл бы 80 игроков топ-100

Биатлон-2026/27: летний ЧР в Чебоксарах, Кубки России и Содружества стартуют в Хантах
