Новости

Хосеп Гвардиола «Ман Ситиден» кеткен соң Барселонаға оралды

Атақты бапкер Хосеп Гвардиола «Манчестер Ситидегі» он жылдық қызметінен кейін клубтан кетіп, туған қаласы Барселонаға оралды.

Марат Жадайхан 1 мин оқу 034 күн
Хосеп Гвардиола «Ман Ситиден» кеткен соң Барселонаға оралды

Атақты бапкер Хосеп Гвардиола «Манчестер Ситидегі» он жылдық қызметінен кейін клубтан кетіп, туған қаласы Барселонаға оралды, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.

Каталондық маман Англиядағы ұзақ та табысты кезеңін аяқтап, бірден Испанияға бет алды. Оның «Манчестер Сити» тізгінін ұстаған он жылы клуб тарихындағы ең жарқын кезеңдердің бірі болды.

25 мамыр, дүйсенбі күні клубта Гвардиоламен қоштасу рәсімі өтті. Онда «Манчестер Сити» бапкерге, сондай-ақ команданың көпжылдық ойыншылары – ағылшын қорғаушысы Джон Стоунс пен португал жартылай қорғаушысы Бернарду Силваға алғыс білдірді. Салтанатты рәсімнен кейін испандық бапкер Англияда кідірмей, бірден отанына аттанды.

Кейінірек әлеуметтік желілерде Гвардиоланың Барселона әуежайындағы суреттері пайда болып, оның туған қаласына оралғанын растады.

🚨 𝗡𝗘𝗪: Pep Guardiola has arrived back in Barcelona.pic.twitter.com/44SdTxue1t— The Touchline | 𝐓 (@TouchlineX)May 26, 2026

Айта кетейік, «Реал» Гвардиоланың кетуін пайдаланып, ғасыр трансферін жасауды көздеп отыр. Сондай-ақ, ПСЖ бапкері Энрике де мансабын аяқтауға шешім қабылдады.

материалдары бойынша Vesti.kz

Жарнама / РекламаAD
Article Inline
970×250 · Brand creative spot
Related

Қатысты жаңалықтар

Жарнама / РекламаAD
Footer Banner
970×90 · Brand creative spot
ЖИ көмекшіңіз
Сәлем! Қазақстан спорты туралы не білгіңіз келеді?