ПСЖ жанкүйерлері Парижде тәртіпсіздіктер ұйымдастырды: 400-ден астам адам ұсталды
ПСЖ-ның Чемпиондар лигасындағы жеңісінен кейін жанкүйерлер Парижде жаппай тәртіпсіздіктер жасады. 400-ден астам адам ұсталып, көліктер мен ғимараттар зақымдалды.

Футболдан ПСЖ клубының Чемпиондар лигасындағы жеңісінен кейін Парижде жаппай тәртіпсіздіктер орын алып, 400-ден астам адам ұсталды, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.
Оқиға ПСЖ мен "Арсенал" арасындағы матч аяқталғаннан кейін басталды. Ойын 1:1 есебімен тең аяқталып, пенальти сериясында париждіктер 4:3 есебімен жеңіске жеткен болатын. Франция астанасында ойынды тамашалаған жанкүйерлер тәртіпсіздіктердің бастамашысы болды.
Олар отшашулар мен сигналдық зымырандарды атқылап, тәртіпті қалпына келтіру үшін полицияға таяқтар мен көзден жас ағызатын газ қолдануға тура келді.
Франция Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, таңертеңгі уақытқа дейін 416 адам ұсталған, оның 280-і тікелей Парижде. Тәртіпсіздіктер кезінде алты автокөлік, екі кәсіпорынның мүлкі және бір автобус аялдамасы зақымданған.
Айта кету керек, өткен жылы да ПСЖ-ның Чемпиондар лигасындағы жеңісінен кейін Парижде осыған ұқсас оқиғалар болған еді.
материалдары бойынша Vesti.kz

Медведев проиграл четыре из пяти последних одиночных матчей

Украинская баскетболистка ушла из американского клуба после перехода россиянки

Ривз уступил Дончичу в конкурсе навыков в Словении
