Еуролига: «Фенербахче» мен «Реал» финалдық төрттікке шықты
Афинада Еуролиганың жартылай финалдық матчтары өтті. Басты жүлде үшін «Фенербахче» мен «Реал» күш сынасады. Финал 24 мамырда Мәскеу уақытымен 21:00-де басталады.

Афинада баскетболдан Еуролиганың финалистері анықталды: басты жүлде үшін түркиялық «Фенербахче» мен испаниялық «Реал» күш сынасады, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.
22-24 мамыр аралығында Грекияның Афина қаласында баскетболдан Еуролиганың «Төрттік финалы» өтіп жатыр. Бүгін, 22 мамырда, жартылай финалдық екі кездесу болып, финалға шыққан командалар белгілі болды.
Жартылай финалдық матчтардың нәтижелері:
- «Фенербахче» — «Олимпиакос» — 79:61;
- «Валенсия» — «Реал» — 90:105.
Осылайша, «Фенербахче» мен «Реал» жеңіске жетіп, турнирдің шешуші матчына жолдама алды. Финалдық кездесу 24 мамырда Астана уақытымен 00:00-де (Мәскеу уақытымен 21:00) басталады.
Айта кетейік, Еуролиганың қазіргі чемпионы — «Фенербахче» клубы. Олар өткен маусымда шешуші кездесуде «Монаконы» 81:70 есебімен жеңген болатын. Ал қола жүлдені «Олимпиакос» иеленіп, грекиялық тағы бір клуб «Панатинаикосты» 97:93 есебімен ұтқан еді.
материалдары бойынша Championat.com

Кубок Морозова U15: «Кайрат» сыграет с «Флуминенсе» и «Црвеной Звездой»

Самедов: Кучеров — суперзвезда, с ним «Тампа» ежегодно претендует на Кубок Стэнли

«Тенниси» приостанавливает прием ставок с 1 сентября: «Мы никуда не уходим»
