Джиро д’Италия-2026: Вингегор 16-кезеңде жеңіске жетті, Галль мен Хиндли үздік үштікте
Даниялық велошабандоз Йонас Вингегор «Джиро д’Италия-2026» көпкүндік жарысының 16-кезеңінде Феликс Галль мен Джей Хиндлиді артта қалдырып, сенімді жеңіске жетті.

Даниялық велошабандоз Йонас Вингегор «Джиро д’Италия-2026» көпкүндік веложарысының 16-кезеңінде топ жарып, жеңімпаз атанды, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.
Visma | Lease a Bike командасының велошабандозы Вингегор 2 сағат 57 минут 40 секунд уақыт көрсетіп, мәре сызығын бірінші болып кесті. Одан кейін 1 минут 9 секундқа қалып қойған австриялық Феликс Галль (Decathlon CMA CGM) екінші орынға тұрақтаса, аустралиялық Джей Хиндли (Red Bull – BORA – hansgrohe) 1 минут 11 секунд айырмашылықпен үшінші орынды иеленді.
16-кезеңнің үздік ондығына сонымен қатар Тимен Аренсман (Нидерланды, Netcompany INEOS), Дерек Джи (Канада, Lidl – Trek), Давиде Пиганцоли (Италия, Visma | Lease a Bike), Эган Берналь (Колумбия, Netcompany INEOS), Майкл Сторер (Аустралия, Tudor Pro Cycling), Матис Рондель (Франция, Tudor Pro Cycling) және Ваут Пулс (Нидерланды, Unibet Rose Rockets) кірді.
Ресейлік Александр Власов (Red Bull – BORA – hansgrohe) 16-кезеңде 12 минут 19 секунд айырмашылықпен 30-орынға жайғасты.
Жалпы есепте, 15-кезеңнен кейін Йонас Вингегор 59 сағат 12 минут 56 секунд уақыт көрсетіп, көш бастап тұр. Одан кейін Португалиядан Афонсу Эулалиу (Bahrain – Victorious) 2 минут 26 секунд айырмашылықпен екінші орында, ал Феликс Галль 2 минут 50 секунд айырмашылықпен үшінші орында келеді.
Жалпы есептегі үздік бестікті Тимен Аренсман мен Джей Хиндли толықтырды. Александр Власов жалпы есепте 32 минут 31 секунд айырмашылықпен 25-орында тұр.
материалдары бойынша Sports.ru



