Valve Dota 2 The International 2026 іріктеу кезеңінің қатысушыларын жариялады
Valve Еуропалық іріктеу кезеңдерін біріктіре отырып, Шанхайда өтетін Dota 2 The International 2026 турниріне төрт жолдама үшін таласатын командалар тізімін жариялады.

Valve Шанхайда өтетін Dota 2 бойынша The International 2026 әлем чемпионатының аймақтық іріктеу кезеңіне қатысушылар құрамын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.
Биыл Батыс және Шығыс Еуропа командалары алғаш рет бір турнир аясында бақ сынайды. Олар Dota 2 әлеміндегі жылдың басты оқиғасына төрт жолдаманы сарапқа салады.
Іріктеу кезеңдеріне тікелей шақыруды ресейлік танымал Team Spirit, PARIVISION және Power Rangers командалары алды.
Ал Шанхайдағы The International 2026 турниріне тікелей жолдаманы Liquid, Tundra, Falcons, BetBoom, Aurora, Yandex және Xtreme сияқты киберспорт грандтары қамтамасыз етті.
материалдары бойынша Championat.com

The International 2026 билеттері: сатылым 10 маусымда басталады

The International 2026: үш орыстілді команда тікелей шақырту алды

The International 2026: Valve Dota 2 әлем чемпионатына тікелей шақыртуларды жариялады
