Карано бапкері: Джина мансабын жалғастырады деп ойлаймын
Жаттықтырушы Джон Вуд, Джина Караноны Рондаға қарсы жекпе-жекке дайындаған

Ронда Роузимен жекпе-жекке дайындалуға Джина Караноға көмектескен жаттықтырушы Джон Вуд оның шәкірті кәсіби спортқа деген қызығушылығын әлі жоғалтпаған деп есептейді. Естеріңізге сала кетейік, Карано MVP турнирінде Роузиге 17 секундта жеңілген болатын.
«Джинаның бұл шөлі қаныққан деп ойламаймын, бірақ көреміз. Оған қазірдің өзінде көптеген ұсыныстар түсіп жатыр. Сахна артында белсенділік көп, сондықтан соңғы шешім оның өзінде. Оған ешқашан ақша қажет болған емес. Бұл жеке мәселе еді – оралып, мұны істеу. Шынымды айтсам, ол мен үшін жекпе-жекке деген сүйіспеншілікті қайта ашты. Және жаттықтырушы ретінде залда әлі де жекпе-жекке шыға алатын адамды көріп тұрмын. Және ол әлі де жеңе алатын көптеген адамдар бар, кепілдік беремін.
Менің ойымша, дұрыс, адал қарсыластармен біз жақсы көңіл көтере аламыз. Сондықтан оның не шешетінін көрейік. Жеке өзім оны қайта көргім келеді. Мен оның біз атқарған жұмысты алып, тек жекпе-жекке бағытталған тағы бір жаттығу жиынын өткізгенін қалаймын, өйткені барлық ауыр жұмыс, барлық машақат, салмақ тастау артта қалды. Менің ойымша, ол карьерасын жалғастырады», — деп Вудтың сөзін MMA Junkie келтіреді.
материалдары бойынша Championat.com

Руди Гарсия: Бельгияның көшбасшылары «ескірген» емес

Тамара Москвина: бапкерлік мансабындағы ең ерекше тапсырмасы

Клопп сұхбаттан неге шығып кетті: Швайнштайгер мен Кот-д'Ивуар туралы сұрақ
