Флориан Вирц 2014 жылғы ӘЧ туралы: «Германия құрамасы керемет еді»
Германия құрамасының жартылай қорғаушысы Флориан Вирц 2014 жылғы әлем чемпионатын еске алып, сол командаға таңданысын білдірді.

«Ливерпуль» клубының және Германия құрамасының жартылай қорғаушысы Флориан Вирц неміс ұлттық командасы жеңіске жеткен 2014 жылғы әлем чемпионатына қатысты өз әсерімен бөлісті, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.
Қазіргі Бундестимнің негізгі ойыншыларының бірі Вирц сол кездегі жас жанкүйер ретінде турнирді қалай бақылағанын еске алды. Ол үшін кәсіби футбол әлі алыс болатын, сондықтан әр сәтті қарапайым жанкүйер ретінде тамашалаған.
«Ол кезде кәсіби футбол мен үшін өте алыс болатын, мен оған жете аламын ба, жоқ па, білмедім, сондықтан сол кезеңді тек жанкүйер ретінде тамашаладым. Бүкіл отбасым финалды көру үшін жиналды. Бұл команда керемет еді, әсіресе олардың рухы. Олардың финалдағы өнері және жеңіске жету жолы таңдандырды. Әрине, біз олардың ізімен жүргіміз келеді, бірақ мұны айту оңай, істеу қиын. Мен 2014 жылы соңына дейін жеткен сол ойыншыларды өте құрметтеймін», — деп келтіреді Вирцтің сөзін ФИФА-ның ресми сайты.
Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатында Германия құрамасы E тобында өнер көрсетеді. Оның қарсыластары Кюрасао, Кот-д'Ивуар және Эквадор командалары болады.
материалдары бойынша Championat.com

Хвича Кварацхелия: бірлік – «ПСЖ»-ның чемпиондық маусымдағы басты күші

Джокович Монфис туралы: "Ең атлетикалық теннисшілердің бірі, оны сағынамыз"

«Локо» бас бапкері Олег Таубер: Харламов Кубогындағы жеңіс эмоциялары ерекше
