Бірегей жетістік: футболшы бір маусымда екі еурокубокты жеңіп, тарихқа енді
«Кристал Пэлас» ойыншысы Эванн Гессан бір футбол маусымында екі еурокубокты жеңіп алған алғашқы ойыншы атанып, бұрын-соңды болмаған рекорд орнатты.

Англиялық «Кристал Пэлас» командасының вингері Эванн Гессан бір маусымда екі еурокубоктық турнирді жеңіп алған тарихтағы алғашқы футболшы атанып, бірегей жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.
24 жастағы ивуарлық футболшы маусымның бірінші бөлігін өзіне тиесілі «Астон Вилла» сапында өткізді. Еуропа Лигасының жалпы кезеңінде Гессан клуб үшін жеті матчқа қатысып, екі гол соқты. 20 мамырда «Астон Вилла» финалда «Фрайбургті» 3:0 есебімен жеңіп, Еуропа Лигасын жеңіп алды.
Маусымның екінші бөлігін Гессан «Кристал Пэлас» сапында жалға алған ойыншы ретінде өткізді. Конференция Лигасы аясында ол алты матчқа қатысып, бір гол соқты. 27 мамырда «Кристал Пэлас» финалда «Райо Вальеканоны» 1:0 есебімен ұтты.
Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) ережелеріне сәйкес, турнир жеңімпазы атанған команда құрамында қатысқан әрбір ойыншы жеңімпаз болып саналады. Осылайша, Эванн Гессан Еуропа Лигасы-2025/26 және Конференция Лигасы-2025/26 турнирлерінің жеңімпазы болып табылады.
Айта кетерлігі, «Кристал Пэлас» өз тарихында алғаш рет еурокубоктық клубтық турнирдің финалына шықты. Осы маңызды жеңістің арқасында ағылшын командасы 2026/27 маусымына Еуропа Лигасына жолдама алды.
материалдары бойынша Vesti.kz



