Рикельме наразы: ЧМ-2026-ға Испания құрамасында «Реалдан» ешкім жоқ
«Реал» президенттігіне кандидат Энрике Рикельме Испания құрамасының ЧМ-2026 турниріне «Реал» ойыншыларын шақырмағанына наразылық білдірді. Ол жағдайды өзгертуге уәде берді.

Мадридтік «Реал» клубының президенттігіне кандидат Энрике Рикельме Испания құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатына арналған өтініміне «Реалдан» ешбір ойыншының кірмегеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.
Рикельме «El Partidazo de COPE» басылымына берген сұхбатында бұл жағдайға қатты ашуланғанын жеткізді. Оның айтуынша, бұған дейінгі 16 әлем чемпионатында «Реал» ойыншылары әрдайым Испания құрамасының сапында болған.
«Мадрид» жанкүйері ретінде мені бұл қатты ашуландырады, бірақ шешімі бар. Егер мен «Реал» президенті болсам, әлем чемпионатында «Реалдан» испандық ойыншы міндетті түрде болады», – деді Рикельме.
Бұған қоса, «Реал» президенттігіне кандидат Рикельме бұған дейін «екі халықаралық деңгейдегі жұлдызбен» келісімшартқа отырғанын мәлімдеген болатын.
материалдары бойынша Sports.ru



