The Independent: Пеле әлем чемпионаттары тарихындағы ең ұлы футболшы
The Independent басылымы құрастырған әлем чемпионаттары тарихындағы ең ұлы футболшылар рейтингін бразилиялық аңыз Пеле бастады. Одан кейін Диего Марадона мен Лионель Месси тұр.

Британиялық беделді The Independent басылымының нұсқасы бойынша бразилиялық аты аңызға айналған шабуылшы Пеле әлем чемпионаттары тарихындағы ең ұлы футболшы болып танылды, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.
14 журналистен тұратын топ құрастырған рейтингте екінші орынды атақты аргентиналық Диего Марадона иеленді. Үздік үштікті Аргентинаның тағы бір өкілі және қазіргі құрама капитаны Лионель Месси түйіндеді.
Ең ұлы ойыншылар тізімінің топ-5 қатарына әлем футболы тарихына қосқан баға жетпес үлестерін көрсете отырып, аты аңызға айналған неміс Франц Беккенбауэр мен бразилиялық феномен Роналдо да кірді.
Беделді тұлғалардың алғашқы ондығын француз Зинедин Зидан, бразилиялық Гарринча, жас француз таланты Килиан Мбаппе, неміс Герд Мюллер және оның отандасы Мирослав Клозе толықтырды.
The Independent сарапшылары сонымен қатар әлем футболының басқа да тарихи атақты тұлғаларын атап өтті, олардың кеңейтілген тізіміне Йохан Кройфф (11-орын), Лотар Маттеус (12-орын), Мишель Платини (28-орын), Лев Яшин (32-орын) және Дидье Дешам (47-орын) енді.
материалдары бойынша Zakon.kz

ЧМ-2026-да 999 ойыншы: турнирдің бұрын-соңды болмаған ауқымы

Генич Англия құрамасы туралы: Рульде Тухель ме, әлде Саутгейттің елесі ме?

Генич ашулы: ӘЧ-2026-да Санчестің голының есептелмеуі дау тудырды
