Футбол

Лейпцигте жанкүйерлердің жаппай төбелесі: Конференциялар Лигасы финалы алдындағы тәртіпсіздіктер

Лейпцигте Конференциялар Лигасының финалы алдында «Кристал Пэлас» пен «Райо Вальекано» жанкүйерлері арасында жаппай төбелес болды. Полиция ондаған адамды ұстады.

Марат Жадайхан 1 мин оқу 01 сағ
Лейпцигте жанкүйерлердің жаппай төбелесі: Конференциялар Лигасы финалы алдындағы тәртіпсіздіктер

Германияның Лейпциг қаласында футболдан Конференциялар Лигасының финалы қарсаңында ағылшындық «Кристал Пэлас» пен испаниялық «Райо Вальекано» клубтарының жанкүйерлері арасында жаппай төбелес болды, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.

Оқиға қала орталығындағы ирландиялық барлардың бірінің жанында болды. Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазбалардан жанкүйерлердің бір-біріне әртүрлі заттар, соның ішінде орындықтар мен бөтелкелер лақтырғаны анық көрінеді.

Тәртіпсіздіктерге жауап ретінде полиция оқиға орнын қоршауға мәжбүр болды. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ондаған жанкүйер ұсталып, түні бойы қамауда болды.

Fans clash in Leipzig ahead of the Europa Conference Final between Crystal Palace and Rayo Vallecano tomorrow. 😲To any Palace fans out there hoping to simply enjoy the trip and support their team, please stay safe! 🙏pic.twitter.com/j3viRSuMHt

Айта кетейік, «Кристал Пэлас» пен «Райо Вальекано» арасындағы Конференциялар Лигасының финалы 27 мамырдан 28 мамырға қараған түні өтеді. Ойын Астана уақытымен 00:00-де басталады.

материалдары бойынша Vesti.kz

Жарнама / РекламаAD
Article Inline
970×250 · Brand creative spot
Related

Қатысты жаңалықтар

Жарнама / РекламаAD
Footer Banner
970×90 · Brand creative spot
ЖИ көмекшіңіз
Сәлем! Қазақстан спорты туралы не білгіңіз келеді?