Футбол

Манчестер Сити жаңа бапкермен келісімшарт жасасты: Гвардиола дәуірі аяқталды

Энцо Мареска "Манчестер Ситиді" ресми түрде басқаратын болды, 2029 жылға дейін келісімшартқа отырып, Хосеп Гвардиоладан кейінгі жаңа дәуірді бастады.

Марат Жадайхан 1 мин оқу 01 сағ
Манчестер Сити жаңа бапкермен келісімшарт жасасты: Гвардиола дәуірі аяқталды

Хосеп Гвардиоладан кейінгі "Манчестер Сити" дәуірі ресми түрде басталған сияқты: клуб жаңа бас бапкер Энцо Марескамен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.

Белгілі инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, ағылшын гранды Энцо Марескамен келісімге келіп, оны "қалалықтардың" жаңа тізгіншісі етіп тағайындады. Итальяндық маман 2029 жылдың жазына дейін келісімшартқа қол қойды.

Клубтан әлі ресми хабарлама болмаса да, Мареска "Сити" ішінде жұмысқа белсене кірісіп, басшылықпен бірге жазғы трансферлік терезені жоспарлаумен айналысуда.

"Манчестер Ситидің" Маресканы таңдауы кездейсоқ емес. Итальяндық маман клубтың ішкі жүйесімен және Хосеп Гвардиоланың философиясымен жақсы таныс, себебі ол бұған дейін "Сити" құрылымында испандық бапкердің жаттықтырушылар штабында жұмыс істеген.

Жаңа тағайындауға дейін Мареска "Челсиді" (2025/2026 маусымында), "Лестер Ситиді" және "Парманы" жаттықтырған, сондай-ақ "Манчестер Сити" мен "Севильяның" жаттықтырушылар штабының құрамында болған.

🚨 Enzo Maresca has already signed a three year deal as Manchester City new manager.Agreement until June 2029 and new chapter to start soon at#MCFC, with Maresca fully involved in the transfer strategy.Here we go, 100% confirmed. 💙🆕pic.twitter.com/e4RsMLTKcy— Fabrizio Romano (@FabrizioRomano)May 26, 2026

Хосеп Гвардиола "Манчестер Ситиді" 2016 жылдан бері басқарды. Оның жетекшілігімен "қалалықтар" 20 трофейді жеңіп алды, оның ішінде Чемпиондар Лигасы, УЕФА Суперкубогы және клубтар арасындағы әлем чемпионаты бар. Команда алты рет Англия чемпионы атанды, үш рет Англия Кубогын, үш рет Англия Суперкубогын және бес рет Англия Лига Кубогын жеңіп алды.

материалдары бойынша Vesti.kz

Жарнама / РекламаAD
Article Inline
970×250 · Brand creative spot
Related

Қатысты жаңалықтар

Жарнама / РекламаAD
Footer Banner
970×90 · Brand creative spot
ЖИ көмекшіңіз
Сәлем! Қазақстан спорты туралы не білгіңіз келеді?