Майкл Олисе — Бундеслиганың үздік ойыншысы: Кейн футболшылардың пікірінше топ-3-ке кірмеді
Мюнхендік «Бавария» вингері Майкл Олисе футболшылар арасындағы сауалнама қорытындысы бойынша Бундеслига маусымының үздік ойыншысы атанды. Жұлдызды Гарри Кейн үздік үштікке кірмеді.

Мюнхендік «Бавария» вингері Майкл Олисе футболшылар арасындағы дәстүрлі сауалнама қорытындысы бойынша Бундеслига маусымының үздік ойыншысы болып танылды, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.
Kicker басылымы ұйымдастырған жыл сайынғы дауыс беруге неміс чемпионатының 199 кәсіби ойыншысы қатысып, өз фавориттерін таңдады.
Олисе 40,7% дауыс жинап, бірінші орынды сенімді түрде иеленді. Үздік үштікке сонымен қатар «РБ Лейпцигтен» Ян Диоманде (15,1%) және «Гамбургтен» Лука Вушкович (11,1%) кірді.
Айта кетерлігі, Бундеслиганың биылғы маусымының үздік бомбардирі, шабуылшы Гарри Кейн тек төртінші орынға тұрақтады, ол 10,1% дауыс жинады.
материалдары бойынша Sports.ru

Перес Негрейра ісі туралы: «Футболдағы жүйелі жемқорлық, мен тоқтамаймын»

Сафонов ПСЖ-дың Чемпиондар Лигасындағы жеңісі туралы: «Бір ғана жол – жеңістерге»

Жапония Исландияны жеңді: жалғыз гол жолдастық кездесудің тағдырын шешті
