Футбол

Футбол аңызы: Лука Модрич 2026 жылғы ӘЧ кейін карьерасын аяқтайды

Хорватиялық аңыз ойыншы Лука Модрич 2026 жылғы Футболдан әлем чемпионатынан кейін үлкен футболдан кететінін мәлімдемек. Қыркүйек айында ол 41 жасқа толады.

Марат Жадайхан 2 мин оқу 01 сағ
Футбол аңызы: Лука Модрич 2026 жылғы ӘЧ кейін карьерасын аяқтайды

Мадридтік «Реал» мен Хорватия құрамасының атынан өнер көрсететін аңызға айналған хорватиялық жартылай қорғаушы Лука Модрич 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін өзінің жарқын карьерасын аяқтайтынын жариялауға ниетті, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.

Бұл ақпаратты белгілі журналист Николо Скира растады. Спорттан кететін уақытта, қыркүйек айында Модрич 41 жасқа толады. Бұған дейін хорватиялық ардагердің «Реалмен» келісімшартын ұзартпай, жазда командадан кететіні хабарланған болатын.

Алдындағы мундиал Модричтің карьерасындағы бесіншісі болмақ. Хорватия құрамасы сапында ол 2018 жылғы әлем чемпионатының финалына дейін жетіп, онда Францияға 2:4 есебімен жол берген еді. Төрт жылдан кейін, Катардағы 2022 жылғы ӘЧ-да Модрич өз құрамасын қола медальға бастап келді.

Өзінің тамаша клубтық карьерасында Лука Модрич хорватиялық «Динамо» (Загреб), «Интер» (Запрешич), босниялық «Зриньски», ағылшын «Тоттенхэм» клубтарында ойнап, кейін мадридтік «Реалдың» нағыз аңызына айналды.

«Реал» сапында Модрич көптеген трофейлерді жеңіп алды: төрт рет Испания чемпионы атанды, екі рет Кубокты және төрт рет елдің Суперкубогын жеңді. Ол сондай-ақ алты рет Чемпиондар Лигасы Кубогын, бес рет УЕФА Суперкубогын, бес рет клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алып, Құрлықаралық кубоктың да иегері атанды.

Халықаралық аренада Модрич Хорватия құрамасы үшін 196 матч өткізіп, ұлттық рекорд орнатты. Оның жеке жетістіктеріне 2018 жылғы «Алтын доп» және Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) мен Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) нұсқалары бойынша жылдың үздік футболшысы атағы кіреді.

2026 жылғы әлем чемпионатында Модрич бастаған Хорватия құрамасы L тобында өнер көрсетеді. Оның қарсыластары Англия, Панама және Гана ұлттық құрамалары болады.

материалдары бойынша Vesti.kz

Жарнама / РекламаAD
Article Inline
970×250 · Brand creative spot
Related

Қатысты жаңалықтар

Жарнама / РекламаAD
Footer Banner
970×90 · Brand creative spot
ЖИ көмекшіңіз
Сәлем! Қазақстан спорты туралы не білгіңіз келеді?