Испания құрамасы 2026 жылғы ӘЧ-ға нөмірлерін бекітті: Ямаль тағы да №19
Испания құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын футболшылардың ресми ойын нөмірлерін жариялады. Жас талант Ламин Ямаль жеңісті Еуро-2024 сияқты тағы да 19-шы нөмірмен өнер көрсетеді.

Испания құрамасы алдағы 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын футболшылардың ресми ойын нөмірлерін жариялады, онда жас талант Ламин Ямаль тағы да 19-шы нөмірмен өнер көрсетеді, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.
«Қызыл фурия» баспасөз қызметі жариялаған ресми тізімге сәйкес, ФИФА ережелеріне сай футболшылар 1-ден 26-ға дейінгі нөмірлерді таңдай алады. Құраманың қорытынды тізімінде ойыншылардың нөмірлері толығымен бекітілді.
Ең көп талқыланған шешімдердің бірі – Ламин Ямальға 19-шы нөмірдің берілуі болды. Ол Испания құрамасы сапындағы жеңісті Еуропа чемпионаты-2024 додасында да осы нөмірмен өнер көрсеткен еді. Кейінірек Ұлттар Лигасында және каталондық «Барселона» сапында «ондықты» кигенімен, ӘЧ-да таңдауы 19-ға түсті.
Lo estabais esperando y aquí los tenemos.Estos son los 𝗗𝗢𝗥𝗦𝗔𝗟𝗘𝗦 𝗖𝗢𝗡𝗙𝗜𝗥𝗠𝗔𝗗𝗢𝗦 para el Mundial.ℹ️ Toda la información:https://t.co/gvKdL3wlyj#VamosEspaña|#CopaMundialFIFApic.twitter.com/uZsEwippee— Selección Española Masculina de Fútbol (@SEFutbol)June 1, 2026
2026 жылғы әлем чемпионатында Испания құрамасы Кабо-Верде, Сауд Арабиясы және Уругвай командаларымен бір топта ойнайды. Тарихта тұңғыш рет 48 ұлттық құрама қатысатын бұл мундиаль 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.
материалдары бойынша Vesti.kz



