ФИФА Үндістан құрамасын ӘЧ-1950-ден шеттетті: себебі футбол әлемін таңғалдырды
Үндістан құрамасы 1950 жылғы әлем чемпионатына жолдама алғанымен, алаңға шыға алмады. Себебі ФИФА бутсымен ойнауды қатаң талап етіп, команданы турнирден шеттетті.

Үндістанның футбол құрамасы Бразилияда өткен 1950 жылғы футболдан әлем чемпионатына жолдама алғанымен, Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) ерекше тыйымына байланысты турнирге қатыса алмады, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.
Үндістандық футболшылар дәстүрлі түрде аяқ киімсіз, яғни жалаң аяқ ойнауды ыңғайлы әрі үнемді деп санаған. Алайда ФИФА мұндай тәсілді әлемдік деңгейдегі турнир үшін қолайсыз деп тауып, бутсыны міндетті түрде киюді талап етті.
Үнді тарапы ережеден ерекшелік жасауға тырысқанымен, федерация өз ұстанымынан таймады. Нәтижесінде, аяқ киімге қатысты талапты орындағысы келмегендіктен немесе орындай алмағандықтан, Үндістан құрамасы мундиал қатысушылары қатарынан шығарылды.
Осы күнге дейін көптеген сарапшылар мен жанкүйерлер Үндістан командасы сол әлем чемпионатында қалай өнер көрсеткен болар еді деп ойланады. Бұл оқиға әлем футболы тарихындағы ең қызық және даулы эпизодтардың бірі ретінде мәңгілікке қалды.
материалдары бойынша Prosports.kz

ӘЧ-2026: Қазақстан уақытымен матчтар кестесі жарияланды

Қазақстан құрамасы: Арменияның экс-бапкері Хашманян ойынды "нашар" деп бағалады

Марокко Мадагаскарды ойсырата жеңді: ӘЧ-2026 іріктеуі алдындағы сенімді старт
