Эмери Гвардиолаға сыйлық жасады: қоштасу матчы алдында АПЛ символы
«Астон Вилла» бас бапкері Унаи Эмери Хосеп Гвардиолаға «Манчестер Сити» тізгініндегі соңғы матчы алдында АПЛ символы – арыстан мүсінін сыйлады.

«Астон Вилла» клубының бас бапкері Унаи Эмери «Манчестер Сити» бапкері Хосеп Гвардиолаға Англия Премьер-лигасының 2025/2026 жылғы маусымындағы соңғы кездесуі алдында символикалық сыйлық табыс етті, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.
Командалар арасындағы 38-ші турдың матчы Манчестердегі «Этихад» стадионында өтіп жатыр, бас төреші – Эндрю Мэдли. Бұл ойынның ерекше маңызы бар, себебі ол Хосеп Гвардиоланың «қалалықтар» тізгініндегі соңғы кездесуі болып саналады.
Матч басталмас бұрын Унаи Эмери әріптесін жылы қарсы алып, құшақтасып, қорапты ұсынды. Ішінде Англия Премьер-лигасының танымал символы болып табылатын арыстан мүсіні бар сыйлық болды. Қазіргі уақытта матч есебі «Манчестер Сити» пайдасына 1:0.
материалдары бойынша Championat.com



