Футбол

ПСЖ жеңісінен кейінгі Париж тәртіпсіздіктері: полицей жарақат алды, ондаған жанкүйер ұсталды

ПСЖ-ның жеңісінен кейін Парижде тәртіпсіздіктер орын алды: бір полицей зардап шегіп, дүкендер талқандалып, велосипедтер өртенді. Полиция жүздеген тексерулер мен қамауға алуларды жүргізді.

Марат Жадайхан 1 мин оқу 01 сағ
ПСЖ жеңісінен кейінгі Париж тәртіпсіздіктері: полицей жарақат алды, ондаған жанкүйер ұсталды

«Пари Сен-Жермен» (ПСЖ) футбол клубының ірі еуропалық турнирдегі жеңісі Франция астанасында жаппай тәртіпсіздіктерге ұласып, бір полицей зардап шегіп, дүкендер талқандалды, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.

Соңғы мәліметтер бойынша, Парижде бір полиция қызметкері зардап шеккен. Сонымен қатар, француз астанасының 16-шы округіндегі Версаль даңғылында орналасқан наубайхана мен мейрамхана талқандалды. Бұл ауданда белгісіз біреулер ондаған велосипедті өртеп жіберген.

«Парк де Пренс» стадионының маңында құқық қорғау органдары мыңға жуық адамды қоршауға алды. Велосипедтерден жасалған тосқауылдар алынып тасталғанымен, Елисей алаңдарында әлі де 300-ге жуық адам қалып отыр.

Сағат 20:30-дағы жағдай бойынша полиция 2216 тексеру жүргізіп, оның нәтижесінде 89 айыппұл салынды. Парижде 45 адам қамауға алынып, оның 13-і уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, құқық қорғаушылар 24 дабыл зымыранын және 100-ге жуық пиротехникалық миномет зарядын тәркіледі.

Осы уақытта Франция президенті Эмманюэль Макрон ПСЖ жанкүйерлері мен ойыншыларын Еуропадағы басты клубтық турнирдегі жеңісімен құттықтады.

— Париж үстінде жаңа жұлдыз жарқырап тұр! Бүкіл Еуропаны армандатқан ПСЖ-ға браво. Франция мақтанады, — деп жазды Франция президенті әлеуметтік желіде.

материалдары бойынша Inform.kz

Жарнама / РекламаAD
Article Inline
970×250 · Brand creative spot
Related

Қатысты жаңалықтар

Жарнама / РекламаAD
Footer Banner
970×90 · Brand creative spot
ЖИ көмекшіңіз
Сәлем! Қазақстан спорты туралы не білгіңіз келеді?