Арне Слот «Ливерпульден» кетеді: бапкер екі маусымда АПЛ жеңіп алды
Арне Слот екі маусымнан кейін «Ливерпульдің» бас бапкері қызметінен кетеді. Ол клубты АПЛ жеңісіне жеткізіп, Чемпиондар Лигасына жолдама алды.

«Ливерпульдің» бас бапкері Арне Слот команда тізгінін ұстаған екі маусымнан кейін қызметінен кетеді, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.
«Ливерпуль» футбол клубы нидерландық маманның қызметінен кететінін ресми түрде растады.
«Ливерпуль» футбол клубы Арне Слоттың бас бапкер қызметінен кететінін растайды – шешім дереу күшіне енеді. Мұрагерді тағайындау процесі басталды», – делінген клуб мәлімдемесінде.
47 жастағы Арне Слоттың жетекшілігімен «қызылдар» айтарлықтай жетістіктерге жетті. 2024/25 маусымында команда Англия Премьер-Лигасының чемпиондық атағын жеңіп алды. Келесі, 2025/26 маусымында «Ливерпуль» АПЛ-да бесінші орынға тұрақтағанымен, қосымша жолдама арқылы Чемпионлар Лигасына өте алды.
Слот «Ливерпульді» 2024 жылы Юрген Клопптың орнына басқарған болатын. Нидерландық бапкер өз жұмысы барысында 113 матч өткізіп, 66 жеңіске жетті, 18 рет тең ойнап, 29 рет жеңіліс тапты. Жалпы соғылған және жіберілген голдар айырмасы 227:140 болды.
Слоттың басшылығымен өткен екі маусымда клуб құрамға белсенді түрде инвестиция салып, тоғыз жаңа футболшыны сатып алуға 523 миллион еуро (453 миллион фунт стерлинг) жұмсады.
материалдары бойынша Sports.ru

"Ливерпуль" бапкерге қатысты шешім қабылдады: Арне Слот клубтан кетеді

Слот кетті: «Ливерпульмен» керемет саяхат болды, АПЛ жеңгенімізге қуаныштымын»

Слуцкийдің "Шанхайы": 7 матч жеңіссіз және кадр тапшылығы
