Анри Энрикеге таңданысын білдірді: Мбаппе кеткен соң «ПСЖ» команда болып жеңуде
Аты аңызға айналған Тьерри Анри «ПСЖ» бас бапкері Луис Энрикенің жұмысын жоғары бағалап, Мбаппе кеткеннен кейін париждіктердің командалық рухы мен сенімді ойынын атап өтті.

«Арсеналдың» аты аңызға айналған шабуылшысы Тьерри Анри «ПСЖ» бас бапкері Луис Энрикенің команда құру тәсіліне, әсіресе Килиан Мбаппе кеткеннен кейінгі жұмысына таңданысын білдірді, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.
Париждік клуб жақында Франция чемпиондығын тағы бір рет жеңіп алып, керемет командалық ойын көрсетті. Анри испандық маманмен әңгімесінде осы аспектіні атап өтті.
«Мбаппе кеткеннен кейін сіз өз командаңыздың жақсаратынын, команда болып дамитынын және команда болып жеңетінін айттыңыз. Сіз мұны жай ғана айтып қана қоймай, іс жүзінде көрсеттіңіз, және мұны тағы да қайталадыңыз. Мен бұрын да айтқанмын, адамдар кейде тәкаппарлық пен өзіне деген сенімділікті шатастырады.Сіз өз командаңызбен не болып жатқанын және оған қайда бару керектігін нақты білесіз. Сіздің француз футболы үшін жасап жатқан ісіңіз тамаша деп айтуым керек, өйткені, білесіз бе, 90-жылдардан бері Еуропада мұндай сенімділікпен ойнайтын команданы көрмеген шығармыз», – деді Тьерри Анри матчтан кейін Энрикемен әңгімесінде.
материалдары бойынша Sports.ru

Перес: Винисиус пен Мбаппе үйлесімсіз деген өтірік. Олар әлемдегі үздік екі ойыншы

Сафонов Чемпиондар Лигасының финалында: Қазақстанның экс-қақпашысы ойынға баға берді

«Қайрат» Чемпиондар лигасында таңғалдырды: клубтың екі ерекше жетістігі
