Ливерпуль» Слота ауыстырады: Ираола – басты үміткер
«Ливерпуль» өткен маусымдағы команда көрсеткіштерін сараптай келе, бас бапкер Арне Слоты қызметінен босату туралы шешім қабылдады. Бұл туралы журналист Фабрицио Романо хабарлады.

«Ливерпуль» клубтың өткен маусымдағы өнерін бағалау қорытындысы бойынша команданың бас бапкері Арне Слотты жұмыстан босатуға шешім қабылдады, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.
Бұл туралы журналист Фабрицио Романо хабарлады.
Слотты алмастыруға негізгі үміткер – «Борнмуттың» бұрынғы бас бапкері Андони Ираола.
Слот мерсисайдтық клубты 2024 жылдың шілдесінен бастап басқарады.
Өткен маусымда «Ливерпуль» АПЛ-да 38 матчта 60 ұпай жинап, бесінші орын алды. Чемпиондар лигасында команда 1/4 финал сатысында «ПСЖ»-ға (екі ойынның қорытындысы бойынша 0:4) жол беріп, жарыстан шығып қалды.
материалдары бойынша Sports.ru

"Ливерпуль" бапкерге қатысты шешім қабылдады: Арне Слот клубтан кетеді

Слот кетті: «Ливерпульмен» керемет саяхат болды, АПЛ жеңгенімізге қуаныштымын»

Слуцкийдің "Шанхайы": 7 матч жеңіссіз және кадр тапшылығы
