Усик пен Верховен: Гизадағы бокс кешінің толық карды жарияланды
23 мамырда Мысырда The Ring: Glory in Giza бокс кеші өтеді. Александр Усик WBC белбеуін Рико Верховеннен қорғайды. Толық жекпе-жектер тізімі.

23 мамырда Мысырда, Гиза пирамидалары кешенінің аумағында The Ring: Glory in Giza атты үлкен кәсіби бокс кеші өтеді, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.
Бұл кештің басты жекпе-жегінде ауыр салмақта үш нұсқа бойынша әлемнің қазіргі чемпионы және P4P әлемдік рейтингінде екінші орында тұрған Александр Усик WBC белбеуін қорғау үшін шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы – атақты кикбоксшы Рико Верховен, оның кәсіби бокс рингіндегі екінші жекпе-жегі болады.
Көрермендерді тартысты бағдарлама күтіп тұр. Мысырдағы бокс турнирінің толық карды келесідей:
Александр Усик — Рико Верховен (басты жекпе-жек)
Хамза Шираз — Алем Бегич (қосалқы басты жекпе-жек)
Шахрам Гиясов — Джек Кэттеролл
Фрэнк Санчес — Ричард Торрес-кіші
Мидзуки Хирута — Май Солиман
Басем Мамдух — Джамал Талли
Махмуд Мобарк — Майкл Каляли
Омар Хикал — Али Ссурункума
материалдары бойынша Championat.com



