Бокс

Жеңілмеген Хабирора UFC-дің экс-чемпионы Хендерсонды 21 секундта нокаутқа түсірді

Бельгиялық PFL файтері Патрик Хабирора Брюссельдегі жекпе-жекте UFC-дің бұрынғы чемпионы Бенсон Хендерсонды 21-ші секундта нокаутқа түсіріп, тамаша жеңіске жетті.

Марат Жадайхан 1 мин оқу 031 күн
Жеңілмеген Хабирора UFC-дің экс-чемпионы Хендерсонды 21 секундта нокаутқа түсірді

Бельгиялық жартылай орта салмақтағы PFL файтері Патрик Хабирора Брюссельде өткен PFL турнирінің басты оқиғасы болған жекпе-жекте UFC және WEC-тің бұрынғы жеңіл салмақтағы чемпионы америкалық Бенсон Хендерсонды 21-ші секундта әсерлі нокаутқа түсірді, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.

25 жастағы Хабирора аралас жекпе-жекте кәсіби деңгейдегі тоғызыншы жеңісіне жетіп, жеңіліссіз рекордын сақтап қалды. Айта кету керек, Патрик кәсіби файтер ретінде 2024 жылы дебют жасаған.

2006 жылдан бері ММА-да өнер көрсетіп келе жатқан 42 жастағы Хендерсон үшін бұл жеңіліс оның карьерасындағы 13-ші болды. Оның есебінде 30 жеңіс бар, оның 14-і мерзімінен бұрын аяқталған.

материалдары бойынша Championat.com

Жарнама / РекламаAD
Article Inline
970×250 · Brand creative spot
Related

Қатысты жаңалықтар

Жарнама / РекламаAD
Footer Banner
970×90 · Brand creative spot
ЖИ көмекшіңіз
Сәлем! Қазақстан спорты туралы не білгіңіз келеді?