Головкин мен «Канело»: ESPN боксшылар қарым-қатынасының эволюциясын көрсетті
ESPN Deportes Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің қарым-қатынасының қалай өзгергенін, яғни қасқайып қарсыласудан шынайы өзара құрметке дейінгі жолын баяндады.

Белгілі спорттық телеарна ESPN Deportes аты аңызға айналған боксшылар Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің өзара қарым-қатынасының эволюциясын егжей-тегжейлі баяндайтын материал жариялады, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.
ESPN Deportes өзінің арнайы материалында олардың алғашқы спаррингтерінен бастап, аты шулы бокс трилогиясына дейінгі жолдарының қалай өзгергенін көрсетті. Бұл жол қатаң текетірестен, бір-біріне деген өткір сөздерден кейін, соңғы жекпе-жектерден соң терең өзара мойындау мен құрметке ұласқан.
Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес кәсіпқой рингте үш ұмытылмас жекпе-жек өткізді. Бірінші кездесу даулы тең ойынмен аяқталса, екіншісі мексикалық боксшының жеңісімен, ал үшінші жекпе-жекте де Альварес сенімді жеңіске жетті.
Олардың текетіресінің барлық шиеленісі мен өткірлігіне қарамастан, екі спортшы да бір-бірінің ұлылығы мен ерекше талантын бірнеше рет көпшілік алдында мойындады, бұл олардың кәсібилігі мен спорттық рухын айқын көрсетеді.
материалдары бойынша Sports.kz



