UFC экс-чемпионы: Усиктің Верхувенді жеңуінен кейін «бокс жемқорлыққа батқан»
UFC-дің бұрынғы чемпионы Белал Мухаммад Александр Усиктің Рико Верхувенді WBC титулы үшін жекпе-жекте әділетсіз жеңгеніне намек тастап, бокстағы жемқорлықты айыптады.

UFC-дің жартылай орта салмақтағы (77 келіге дейін) палестиналық-америкалық бұрынғы чемпионы Белал Мухаммад украиналық Александр Усиктің нидерландылық Рико Верхувенді жеңуінің әділдігіне күмән келтірді, деп хабарлайды SportsNews ақпарат агенттігі.
WBC-дің ауыр салмақтағы титулы үшін өткен жекпе-жек 24 мамырда Мысырда өтіп, 11-ші раундта Усиктің нокаутпен жеңісімен аяқталды. Жекпе-жек аяқталғаннан кейін Мухаммад өзінің X әлеуметтік желісінде қатаң мәлімдеме жасады.
«Бокс жемқорлыққа батқан», — деп жазды Мухаммад.
Александр Усик үшін бұл жеңіс оның кәсіби мансабындағы 25-шісі болды, оның 16-сы мерзімінен бұрын аяқталған. 2013 жылдың қараша айында кәсіби рингке шыққан украиналық боксшы әлі бірде-бір жеңіліс тапқан жоқ.
материалдары бойынша Championat.com

Курдский боец: на меня напали 15 чеченцев в отеле перед турниром Даны Уайта

13 россиян вышли в финал юниорского первенства Европы по боксу

Махачев получил медотстранение после боя с Гэрри на UFC 330
